Біз авокадо өсіреміз
Авокадо (ботаникалық атауы аллигатор алмұрты – Persea americana) биіктігі 6–20 м тропикалық ағаш. Табиғатта Мексикадан Бразилияға дейін кездеседі. Қазырғы кезде бүкіл тропикалық және субтропикалық аймақтарда өсіріледі.
Жапырақтары эллипстік, аяғы жағында ұштары өткір, теріге ұқсас, жылтыр, ашық немесе қою жасыл, теріс жағы сұр. Апельсин жапырағына ұқсас.
100–300 гүлі бар үлкен гүлшоғырлармен гүлденеді. Бірақ 0,1%-ті ғана тозаңданады, өйткені бірінші күні тек ғана гүланалық піседі, ал аталықтары сол уақытта әлі жетілмеген. Сонан соң гүл бір күнге жабылады. Келесі күні гүл қайта ашылады, аталықтары пісіп қойды, бірақ гүланалығы солып үлгірді. Оның үстіне, аталықтары және гүланалықтары піскен гілдері күннің әртүрлі уақытында ашылады.
Жемісұрығының түрі жұмырткаға немесе алмұртқа ұксас. Авокадо сорттары үш географикалық топтарға бөлінеді:
- Антиль тобы (тропикалық) тропикалардың ойпатты жерлерден шыққан (теңіз деңгейінен 800 м дейін). Мысалы, осы топқа Waldin, Simmonds және Black Prince сорттары жатады. Олар аязға сезімтал. Жемістердің салмағы 0,4–1,5 кг.
- Гватемал тобы (жартылай тропикалық) тропикалардың таулы жерлерінен шыққан (теңіз деңгейінен 800–2.800 м). Бұл топтың үлгілі сорттары Bemik және Hass. Қысқа уақыттын ішінде олар температураның 0 °C-ге дейін түскенін шыдайды. Жемістердің салмағы 0,5–1,5 кг.
- Мексика тобы (субтропикалық) Мексиканың субтропикалық аймақтарында пайда болған. Оған төмен температураларға ең шыдамды сорттар жатады (қысқа уақытта оған 4 °C температурасы ешқандай зиянсыз). Осы топтын сорттары ең жиі өсіріледі. Мысалы, осы топқа Gottfried және Pernod сорттары жатады. Жемістері ұсақ (250 г дейін).
Қазырғы кезде екі топтың сорттарын (ең жиі гватемал мен мексика топтары) будандастыру арқылы пайда болған сорттары бар. Біз үшін тек мексика тобының сорттары мағыналы.
Гұлдеу кұрделі болғанынан мүмкін бізде жемісұрықтары түйін тастамайды, бірақ көз тартымды жапырақтары үшін бұл интерьерге лайық сорт деп табылады. Ұрықтан өскен авокадо, 6–8 жылдан кейін гүлдене бастайды. Авокадо үшін шашыраған жарық керек. Оны пәтерде, кеңседе немесе басқа жылыжай жерде өсірүге болады. Жазда оны балконға немесе баққа шығарған жөн.
Ол өсу үшін топыраққа ерекше талаптар жоқ. Кәдімгі бақта пайдаланатын, женіл, ортақышқыл топырақ жарайды. Жыл бойы оған ылғалды, бірақ жиі суарылмайтын топырақ керек. Ол құрғақшылықтан зардап шексе жапырақтары түсіп қалу мүмкін. Бір уақыт мерзімде су шашып тұрған пайдалы.
Ең женілі авокадоны ұрықпен көбейту. Қаламшалармен тек кейбір сорттарын көбейтуге болады.
Ұрықтарын үшкір жағын үстіге қаратып, жартылай суға жібіту керек. Оларды өне бастағанша жібіту жөн. (Олар шірімеушін суда 3 айдан артық ұстап керегі жоқ. Егер 3 айдын ішінде өсе бастамаса, ұрықтарды егеберіңіз. Әдетте өскіндері көпке созбай шығып өсе бастайды).
Ұрықтарды отырғызғанда үшкір жағын үстіге қаратып 3/4 бөлігін жерге батыру керек. Меніңше, ең жақсысы әрбір ыдысқа бір-бірден егу керек, содан кейін ыдысты шынымен жауып қою керек. Солай ішінде ылғалдықты сақтап, өнгіштікті тездете алу болады. Егістік субстрат (топырақ) женіл болу керек. Топырақ тығыз болса артық судын ағуына кедергі болады. Ұрықтар көгермеу үшін, шынысын күнде 30 минутқа ашып тұрған жөн.
Ұрықтар күні бойы жылыда тұрса өнгіштігі жақсарады. Ең лайықты температурасы 25 °C. Бірінші жапырақтар шыққан соң, үйдің ішіндегі температурасы жеткілікті.
Өсімдіктін ыдысын жылы радиатордын үстіне қойсаңыз, жоғары температураны ұстауға жеңіл болады. Сондықтан жаңа ұрықтарды қыста, үйді жылытқан кезінде еккен дұрыс.
Біздін жағдайда авокадо едәуір тез өседі. 2 жылдың ішінде бұтақты тоғай 1 метр биіктікке дейін өсуі мүмкін.
Біздін жағдайда авокадо жемісі өспеуге ықтимал. Дегеңмен, бүгін оларды дүкенде тауп алуға қиын емес. Өкінішке орай, дүкенде алынған жемістін ұрықтарынан Сіз өсімдікті өсіре алмайсыз (жемістерді шикідей жинайды, сондықтан ұрықтар шықпай қалу мүмкін)
Авокадо ең жұғымдылық жеміс болып табылады. Оның ішіндегі жұмсақтын 100 г энергетикалық құндылығы 840 kJ (салыстыру үшін: бананда 355 kJ, мангода 215, папайяда 180, қызанақ 90, қияр тек ғана 0,64). Онын құрамында теріге жеңіл сіңетін 5–32% майы бар, сондықтан ол бағалы косметикалық заттардың құрамына кіреді. Химиялық құрамына қарағанда авокадо жеміс болғанымен басқа жемістерден ерекше.
Көбінде оны шикідей жейді. Авокадоны кеседі, оған лимон шырынын, тұз немесе ас дәмдеуіш қосады да қасықпен жейді. Келесі нөмірде Сіз авокадоны дайындаудын қарпайым рецептерін табаласыздар.
««« Алдыңғы мәтін: Нан ағашы Artocarpus odoratissimus Келесі мәтін: Таңғажайып вельвичия (Welwitschia mirabilis) – тірі қазбаны өсіріндер »»»
Бейсенбі 1.10.2009 07:00 | Қағазға басу | Экзотикалық өсімдіктер
КПР клуб тұралы

Өсімдіктерді өсіру тәжірибенізбен бөлісініз. Сол тұралы мақала жазып, оны өз тұған тілінізде Ботаникс журналына жарияланыздар. Толығырақ ақпарат алушын бізбен байланысыңыздар.
Санаттар: Бәрі Газон Зиянкестер Пальмалар Саңырауқұлақтар Суда және батпақта өсетін өсімдіктер Экзотикалық өсімдіктер Қылқан жапырақтылар Өсімдік өсіру тұралы нусқаулар