Ботаникс – өсімдіктер және бақбаншылық туралы журнал

Қазақ болжамы

Баданаларды және өсімдіктерді отырғызу

Сізге поштамен әкелінген сатып алынған өсімдіктерді (көшендерді) орауынан шығарып, оларды 2–3 күнге көленкелі жерге орналастырындар. Сізде басқа да мүмкіншілік бар, оларды қолма-қол егіп, содан соң күннін сәулесінен зардап шекпеу үшін бірдеңемен (мысалы үшін канцеляр қағазымен, тақтаймен) 2 күнге бөгеп салуға болады. Керсінше жағдайда өсімдік артық күннін сәулесінен зиян шегу әбден мүмкін.

Алдын ала өсірілген өсімдіктерді отырғызу

Өсімдік мөлшеріне байланысты шұңқыр қазыңыз. Өсімдікті ыдыстан алып шығыңыз (егерде бос оралыңған болса целлофан пакеттерімен қаптан), содан кейін тамырларын астына қаратып шұңқырға орналастырыңыз, тамырлары жан-жаққа тузетілген болсын. Шұнқырға су куйып, ол жерге сіңіп кетке соң өсімдіктің тамырларын жермен көміндер. Қалған өсімдіктерді отырғызғанда да осылай істеңіз. Дайындалған жүйекті немесе гүл өсетін алаңын егіп болған соң өсімдіктерді суарыңыз. Егілген соң бірінші күндері керек кезінде суарып тұрындар, әсіресе ашық күнді ауа райы болса, күн ысып кетсе оны көленкелеген жөн. 1–3 аптаның ішінде өсімдік тамырларын жібереді, содан кейін оларға бақтағы басқа өсімдіктерге секілді күтім жасалады.

Баданаларды және түйнектерді отырғызу

Ең алдымен баданалар не түйнектерді отырғызатын жерді қазыңыз (ары тек ғана «баданалар» деген ортақ атауы пайдаланады). Әбден отырғызу алдында баданаларды қағаз қапшықтардан шығарып алыңыз. Шұңқыр тереңдігі жеткілікті болуы керек (таблицаға қараңыз), онда вегетациялық ұшын үстіне қаратып салыңыз. Кейбір түрлері теріс салынса өліп қалу мүмкін. Содан соң бадананы көміп салып, топырақтын сыртын сәл тығыздаңыз. Ауа райы құрғақ болса, еккен сон топырақты мол суару керек. Егерде Сіз мысалы үшін жаздын ортасында қызғалдақ отырғызсаңыз (оны сақтайтын жер жоқ болса, немесе көп уақытқа демалысқа кететін болсаңыз), ол жағдайда оны суарып керегі жоқ. Баданалар демалады да бірінші күзгі жаңбырлармен өсе бастайды.

Ұсақтау баданаларды, сомен бірге аур топырақта өсірілген баданаларды, отырғызғанда тереңдікі аздау болуы қажет. Отырғызу тереңдігі бадананың ұшысымен жер бетінін арасы боп саналады!

Баданаларды жер үстіндегі бөлшектері құрғап қалған соң бірақ қазып алу керек (Гладиолустан басқа аданалардың бәріне жатады) – ол жылы, құрғақ жаздың басында болуы мүмкін, кейде ерте мамыр айында да болады. Көп түрлердің баданалары жерден алынған соң, құрағак жерде күзге дейін ұстауға болады (мысалы сарымсақ, шафран, қызғалдақтар). Басқа түрлерің, мысалы лалагүлдер, сұржыланды пияз (гадючий лук), птичемлечник және купенені, құрғақ жерде сақтаса зардап шегу мүмкін, олар тіпті өліп кету мүмкін. Өз тамырларын құрғатуды ұнатпайтын түрлерді ең жақсысы ешқандай сақтаусыз топырақтан топыраққа отырғызған жөн (бір апта сақталса ешқандай қиыншылық олар үшін болмайды, бірақ одан көп уақыт қалдыру дұрыс емес).

Түрі отырғызу уақыты отырғызу тереңдігі, см
Баданалары 2 сантиметрге дейін жететін ұсақтау сарымсақ – мысалы: Allium carinatum, flavum, molly, oleraceum, scorodoprasum секілді 7.-10. 5–8
Баданалары 10 сантиметрге дейін ірілеу сарымсақ – мысалы: Allium giganteum, karataviense, nigrum секілді 7.-10. 10–15
Colchicum – күздік мезгілсіз (осенний безвременник) 8. 15
Crocus – көктемде гүлдейтін сорттар (Crocus chrysanthus, Crocus vernus) 10. 9
Crocus – күзде гүлдейтін сорттар (Crocus sativus) (7.-)8. 9
Gladiolus – гладиолус, гүлтәжі (шпажник) (бақта өсетін сорттары) 4.-5. 10 (кішілері 5)
Gladiolus – гладиуолус, гүлтәжі (экзотикалық ботаникалық сорттары) 9. 5–8
Lilium candidum – Ақ қызғалдақ 8. 3
Lilium – Қызғалдақ, басқа түрлері 9.(-10.) 5–15 сортқа қарай
Muscari – мускари, сұржыланды пияз, мышиный гиацинт 7.-10. 8–10
Narcissus – нарцисс 8. 10
Ornithogalum umbellatum – Шатырша птичемлечник 7.-10. 10
Polygonatum – Купена 8.-10., 2.-3. 10
Кішкене баданалары бар, биік емес қызғанақтар, мысалы: Tulipa chrysantha, tarda, saxatilis, turkestanica, urumiensis секілді 10. 10
Биік қызғалақтар – Грейк қызғалағы (Tulipa gregii), Фостер қызғалағы (Tulipa fosteriana), Кауфман қызғалағы (Tulipa kaufmanniana) және бақта өсетін гибридтер 10. 12–14

Қызғалақты бадананың қабыршағымен көбейту

foto

Қызғалақты бадананың қабыршақтарымен көбейту үлгісі

Қызғалақ көбейту ең оңай әдісі – баданалардың қабыршақтарымен көбейту

Баданалардың қабыршықтарын ең дұрысы ұзынша кішкене (науаға ұксас) жәшікке 1–2 см тереңдікке (=қабыршақтардан жер беті биіктігі) отырғызу. Оны күндізгі температура 25–30 °С, ал түнгі температура 22 °С болатын орынға қойған жөн (түнгі уақытта ол одан да төмен болғаны түк етпейді, ең бастысы күндізгі температурасы осы аралығында болуы керек) (мысалы: оранжерея, жылыжай, пәтер терезесі). Субстрат құрғақтау болуы қажет. Осы жағдайға ие болғанда қабырашақтардың асты жағында шамалы қысқа уақытта жаңа баданалар пайда болады. Бір қабыршақтан 1–3 айдын ішінде мөлшері 1 см жаңа баданалар пайда болады. Егерде қабыршақтар шілде айында жиналып отырғызылса, оны қыркүйек айының бірінші жартысында жинап, 2 см терендікке гүл бағына отырғызаласыз. Бір баданасы бар қабырашақты бір-бірінен аралатып отырғызыңыз. Гүл бағында 4–6 жылдан кейін Сіз гүлдеуге шамасы бар керемет баданаларға ие боласыз.

Баданалы тұқымдастың ұрықтарын егу

Кейібір баданалы тұқымдастарға жататын түрлерін тез және тиімді ұрықпен көбейтуге болады. Ұрықтарды наурыз-сәуір айларында тұра жерге немесе дайындалған ыдыстарға 0,5–1 см тереңдікке егіңіз. Бірінші жылы оны басқа жерге отырғызбай, өз орында қалдырыңыз. Кейбір түрлер келесі жылдан ақ гүлдене бастау мүмкін. Түрлердің көбі егілген соң 2–5 жылдан кейін гүлдейді. Алайда, ұсақтау түрлері ірілеу түрлеріне қарағанда тезірек гүлдейді.

««« Алдыңғы мәтін: Мангоны ұрықтардан өсіру Келесі мәтін: Жәндікқоректі өсімдіктердің ұрықтарын егудің нұскауы »»»

Жексенбі 17.1.2010 19:19 | Қағазға басу | Өсімдік өсіру тұралы нусқаулар

КПР клуб тұралы

КПР - Өсімдік өндіретін клубы Словакия
КПР – өсімдік өсірушілер клубы - халықаралық әуескер бақбаншылар ұйымы. Көбірек оқу...
Өсімдіктерді өсіру тәжірибенізбен бөлісініз. Сол тұралы мақала жазып, оны өз тұған тілінізде Ботаникс журналына жарияланыздар. Толығырақ ақпарат алушын бізбен байланысыңыздар.

Санаттар: Бәрі Газон Зиянкестер Пальмалар Саңырауқұлақтар Суда және батпақта өсетін өсімдіктер Экзотикалық өсімдіктер Қылқан жапырақтылар Өсімдік өсіру тұралы нусқаулар