Ботаникс – өсімдіктер және бақбаншылық туралы журнал

Қазақ болжамы

Nicotiana glauca темекісі – перспетивті балкон өсімдігі

foto

Көк темекі

Адамның не бір жаңа, керемет, күнделікте болып жатпайтын нәрселерге ынтасы шексіз. Кез келген әуескер бақбаншы озінің бағында жаңа, ғажап, олмен қоса әлі ешкімде жок бірдеңе өсірісі келеді… Сондықтан әуескер бақбаншылардың «ынтасын қандыру» үшін оларға көптеген жаңа гүлдер ұсынылады. Бірақ көбінде коммерциялық жағына келсек, жаңа өсімдіктер тек ғана «қарапайым ассортимент» боп қалады.

foto

Көк темекі

Соңғы онжылдықтардың ең көп гүлдердін жаңа шыққан түрлері паслен (Solanaceae) тұқымдасына жатады. Ең танымалы болғандар ол петуньялар, сурфиниялар, миллион беллз (million bells). Олардың табыс еткен құпиясы тез өсуі, ерте гүлдеуі (ұрықтармен көбейтсе 3 айдың ішінде, саптар арқылы көбейтсе олар қолма-қол гүлдейді), сонымен бірге өсіру жағдайына қапапайымдылығында жатыр. Әрине, оларға ең жақсысы күн ашық жерде өскені, бірақ салқын, көленкі жерде де олар өзін жақсы сезеді.

Бірақ біздің аймақта паслен тұқымдас өсімдіктері әрқашанда сондай жақсы атағына ие болған жоқ. Мысалы, картоппен қызанақты еске салсақ, алдымен олар тек ғана сәндік өсімдіктер ретінде өсірілген. Осы өсімдіктерді тағам ретінде пайдалануға болатын деген алғашқы индикациялар пайда болғанда, оларға ерекше сенімсіз қараған. Бірақта көп ұзамай олар тез таралды да көп жердегі күнделікті дәстурлі түрде пайдаланған өсімдіктерді ығыстырып тағамның негізі боп шыға келді.

foto

Осы нөмірде біз Оңтүстік Америкадан шыққан, дәстүрлі емес, балконда өсетін түрі ретінде көкшіл сұр темекінің (табак сизый) (Nicotiana glauca) ағашымен танысамыз. Біздің аймақта ол тез өсетін бұта, тіпті кішкене ағаш деп атауға болады. Ұрықтан шыққан өсімдік 2 айдан кейін гүлдей бастайды. Есейген ағашта бұтақтары бір айдың ішіне 50–70 сантиметрге өседі.

Атауына сәйкес өсімдіктің үсті күмісті налетпен бүркелінген. Сондықтан өсімдікке қажетсіз тиюге болмайды, олай болса үстіндегі налеты женіл сүртіліп өсімдіктің үсті жағымсыз ашық жасыл түске айналады. Күмісті формасы жұмырқаға ұқсас жапырақтары аяғы жағында ұшталады. Бұтақтардың ұшында 20–40 сары құбырлы жапырағы бар гүл шоғыр өседі. Олардың ұзындығы 3–3,5 см ал еңі мөлшері 0,5 см. Гүлдеу басында жиегі ашық жасыл боп өздері ашық сары болады, гүлдеп біткен соң олар күңгірт сары болады. Осы түрдің тағы бір айырмашылығы гүлдеп болған гүлдері сәнді боп қала береді. Мысалы петуньядан өзгелігі, олар гүлдеп болған соң да гүлдері формасын сақтап өсімдіктің үстінде бірталай уақыт түспей тұрады.

Осы түрін өсірдек өте женіл. Пәтерде көкшіл сұр темекіні жыл бойы өсіруге болады, ал жазда оны балконға немесе баққа қоюға болады. Оны тез шығатын ұрықтармен де көбейте аласыз. Гүлдеуге қабілетті өсімдіктерді Сіз 2 айдан кейін өсіре аласыз (ол, мысалы оны балконға мамыр айының 15-де қоям десеңіз, ұрықтарды наурыз айының бірінші жартысында егу қажет дегенді білдіреді). Өсімдіктер пәтерде немесе одан салқындау жерде қыстай алады, мысалы қазтамақ гүлі секілді (бірақ мол жарығы бар жерде). Қыстың аяғында бұтақтарды мөлшері жартылай қысқартып, содан кейін мол суару қажет. Қыстаудан кейін, шамасы бір айдан соң ол гүлдей бастайды. Осы түрден жеңіл түрде пәтерге арналған кішкене тоғай ұйымдастыруға болады. Ол саппен көбеймейді, өйткені олар тамырын жіберу күші аз (бірақ оны ұрықтарымен женіл түрде көбейте алу болғандықтан ол ешқандай бөгет емес). Тыңайтуға темекі аса талаптары жоқ. Мол гүлдеу үшін оны топырағына фосфорға бай балкон өсімдіктеріне арналған кәдімгі тыңайтқыштарды қосуға болады.

««« Алдыңғы мәтін: Баданаларды және өсімдіктерді отырғызу Келесі мәтін: Pinus kesiya қарағайы »»»

Жұма 1.1.2010 14:39 | Қағазға басу | Экзотикалық өсімдіктер

КПР клуб тұралы

КПР - Өсімдік өндіретін клубы Словакия
КПР – өсімдік өсірушілер клубы - халықаралық әуескер бақбаншылар ұйымы. Көбірек оқу...
Өсімдіктерді өсіру тәжірибенізбен бөлісініз. Сол тұралы мақала жазып, оны өз тұған тілінізде Ботаникс журналына жарияланыздар. Толығырақ ақпарат алушын бізбен байланысыңыздар.

Санаттар: Бәрі Газон Зиянкестер Пальмалар Саңырауқұлақтар Суда және батпақта өсетін өсімдіктер Экзотикалық өсімдіктер Қылқан жапырақтылар Өсімдік өсіру тұралы нусқаулар