Parajubaea torallyi Оңтүстік Американың ең әдемі және төзімді пальмасы боп табылады. Бұның атау Сізге беймәлім бе? Бұған таңғалар ештеме жоқ. Оның ұрықтары ірі болған соң (сол үшін оны тасымалдау қымбатқа түседі) Еуропаға ол анда-санда әкелінеді. Сондықтан Боливияның сыртында бұл әсемді пальманың түрі өте сирек кездеседі.
Табиғатта ол Боливиялық Андылар құрғақ алаптарында теңіз деңгейінен 2700–3400 м биіктікте кездеседі және ең пальмадардың арасында ең жоғары жерде өсетін боп табылады. Ол жердің температурасы 20 °C дейін кейде ғана көтеріледі, ал түнгі қатқақтар жиі соғады. Қысқы айларда (шілде, тамыз) температура –7 °C дейін жиі төмендейді. Mұнда жылдық жауын-шашын мөлшері 550 мм-ге әзер жетеді, ол оңтүстік Моравияның ең құрғақ жерлерінен де аз. Оның шығу тегі жотадай жерден болған соң ол суыққа төзімді субтропикалық пальма түрі, сол үшін қолайлы жағдайда оны жерорта теңіздікте жыл бойы ашық аспан астында өсіруге болады. Бізде оны қыста жылы жайда ұстаған жөн, ол жерде оған 0 °C-ты ешқандай қиындықсыз төзеді. Еуропадағы төзімділігі – 3 °C. Қолда өсірілетін пальманың төзіп өтіп аман қалған ең төменгі температура –8 °C болған. Жапырақтары түсіп қалсада, өсімдік аман қалып көктемде қайта көктеді.
Боливияда ол 14 м биіктікке дейін жетеді, діңгектің диаметрі – 25–35 см. Жүз жыл жасаған өсімдіктер 30 м-ге дейін жетеді, діңгектің диаметрі – 50 см болу мүмкін. Көз тартымды ағашын ұшар басы 20-ға жуық жапырақтардан құралған, әр жапырақ 5 м-ге дейін өседі. Өзінің шыққан жерінен тыс қолмен өсірілсе, пальманың үлкендігі едәуір кіші болады.
Табиғатта ол ұрықтары мөлшері әртүрлі 2 бөлек популяцияда өседі. Parajubaea torallyi. torallyi варианттың ұрықтары 7 см-ге дейін өседі, ал оның басқа ұрықтары ұсақ варианты Parajubaea torallyi варианат microcarpa ұрықтары 3 есе кішкене болады. Олар табиғатта қөзге көрінетін айырмашылығы аз боласа да, даладағы ұсақ варианты өзінің ірі ұрықтары бар туысына дейін өсе алмайды.
Боливияда Parajubaea torallyi сүікті өсімдік боп саналады, оны қаланың саябақтарында және көше шеттерінде егеді. Эквадордың және оңтүстік Колумбияның теңіз деңгейінен 2500–3000 м биіктіктегі қалаларда Parajubaea cocoides өсіріледі, ол суыққа сезімділеу және жай өсетін ерекшелігі бар. Parajubaea torallyi формасы өте ұқсас және табиғатта танымсыз болғаны соң, бұл қолда өсірілетін Parajubaea torallyi формасы деген пікір бар.
1996 жылда осы тектің ең қішкене түрі боп табылатын Parajubaea sunkha сипатталған. Оның бойы 8 м-ге дейін жетеді, Валлегранде облысындағы андылардың ішіндегі бірнеше алаптарында және Боливиядағы Санта-Крус аймағында теңіз деңгейінен 1700–2200 м биіктігінде өседі. Анық таксономикалық тексеруге дейін оны Parajubaea torallyi түрімен шатыстырған.
Parajubaea тегінің пальмаларын ұрықтан өсіру қиынға соқпайды, алайда ол үшін шыдамдылық қажет. Табиғатта ұрықтары бір уақытта тұрақты шығып тұрмайды, әдетте бұған 1,5 жыл қажет. Қолда өсірілетін кейбір ұрықтар бір айдан кейін шығады, кейбіреулеріне жарты, ал тағы біреулеріне екі жыл қажет. Субтропикалық пальма тұралы әнгімелесек, жоғары температұра онын ұрықтарын шығуын тездетпейді, одан бұрын кешіктіреді.
Егу алдында ұрықтарды жылы суда 5–7 күнге жібіту керек, ал ұрықтары ірі түрлерін тіпті 2 апта ұстау керек. Шірімеу үшін суын күнде айырбастап тұру керек. Ұрықтарды (әсіресе ірі ұрықтары бар тұрлердің) біраз қырнау керек. Су бұл уақытта ұрықтын ішіне кіріп оның ұйықтау шағынан (Боливияда демалу қезеңі ұрықтарды маусымнан қазанға дейін қысқы айларында болатын құрғақ мезгілінде шығудан қорғайды) оятады, содан соң ұрықтар өсе бастайды. Сонымен дымқыл кезең шектеледі. Бұл құрғақ аймақтарда өсетін субтропикалық өсімдік екенің ұмытпағаныңыз жөн, сондықтан судын молшылығы оған зиян. Жібітілген соң ұрықтарды жартылай жерден шығарып гүл өсіретін ыдыстарға немесе пластикалық қаптарға егу керек, температура 10–20 оC-тың шамасында болуы керек (күндізгі жоғары және түнгі төмен температуралардың арасы көбірек болғаны өте жақсы). Қалған пальмалардың түрлеріне қарағанда оны төмендеу темперетурамен құрғақтау субстрат қажеттілігі ерекшелендіреді.
Егілген ұрықтарды 3–4 апта сайын тексеру қажет, ал көктегендерді бөлек ыдысқа отырғызу қажет. Кейбір әуескер бағбаншылардың тәжірибесі мол – олар бір жылдың ішінде шықпаған ұрықтарды, суаруды доғарады да субстратқа екі айдың ішінде құрғатып ұстайды. Содан кейін ұрықтарды таңдап алып, бір жұма жібітеді де қайта отырғызады. Әдетте жарты жылдың ішінде түгелі шығады. Ал келесі жылда шықпағандарды қайта екі ай құрғатып ұстайды (Боливияда секілді құрғақ мезгілді есіне түсіреміз) екінші рет жібітілген соң аяғында бәрі көктейді.
Бұл пальманың ұрықтардың өңгіштігі 100%-ке шамалас, бірақ олармен қалай істеу керек амалын білген жөн, әсіресе «жалқау» ұрықтарға бірнеше құрғақшылық айлар қажет.
Ұрық көктеп шыққан соң, оның өсіруі өте женіл, бірақ суаруды аса шектеу керек. Жас пальмалар жартылай көленкелі жерлерді жақсы көреді (табиғатта жас өсімдіктер тоғайлардың көленкесінде өседі), ал есейген өсімдіктер үшін толық жарықтық керек.
Parajubaea тегі Оңтүстік Американсалық пальмалардың қатарына жатады. Олардың жойлып кету қауып-қатері бар. Қауып-қатердің негізгі себептері биотопатарды жою, ауыл шаруашылық жерлердін кеңейту, ормандарды қыршып-қопару, малды шектен тыс жаю. Пальмылар өте шектелген аумақта кездеседі, ол жойлу мүмкіндігін артырады. Ұрықтары ірі болғаны соң оны жаңа жерлерге тарату мүмкімдігі шектелген. Ал оны алыс жерлерге тарататын ең белгісі көзілдірікті аюға да (Tremarctos ornatus) адамдың тіршілігінің арқасында жойлып кету қауыбы бар.
Gedruk vanaf neznama adresa