Жаңа гүлзарды салу үшін немесе ескі гүлзардыңүстіне егу үшін ең жақсы уақыт мамыр немесе маусым айлары, бірақ жыл ерекше құрғақ болса, шілде айында егуге болады.
1. жаңа гүлзарды салу
Гүлзар салатын жерді 10–15 см терендікке жыртыңыз. Содан соң топырақтын бетін тегістеп нығыздаңыз, масалы үшін білікшемен.
Ары қарай Сізде екі әдіс бар:
a) гүлзарды себу
Басында Сіз салатын гүлзар алаңын өлшеп алыңыз. Шөптің егу материалдың жұмсалатын шығынын санаңыз: санағанда 25 г егу материалы 1м²-ді егу үшін жетеді, және әрбір 10 м²-ге тағы 25 г егу материалы керек, ол мүмкім шала егілген жерлердің үстіне тағы егу үшін қажет болады.
Егу материалын сатып алғанда оның жаңарлығына назар аударыңыз, ойткені шөптің егу материалы өнгіштігін тез жоғалтады (екінші жылы ол 50%-тенде аз). Сатып алғанда егу материалы дүкенде дұрыс сақталуына қараңыз (ол дымқыл болса, кейбір ұрықтары өну бастау мүмкін, оны алмағаныңыз жөн – босқа түңіліп қайтесіз). Егу материалдардың дүкендердегі орта бағасы 3–5 Евро/кг (сортына байланысты).
Егу материалын таңдау гүлзардің пайдалану мақсатына байланысты. (оның үстінде жиі жүресіз бе, бәлкім ол спортпен шұғылдануға арналған немесе керісінше оның үстенде мүлдем жүрмейміз деген жоспарыңыз бар, мүмкін жалпы оны құсты азықтандыру үшін пайдаланасыз). Таңбалаусыз егу материалын ешқашан сатып алмаңыз!
Байсалды фирмаларда басылған ақпараттық кағаздар бар, олар Сізге көптеген шөптің арасында біреуін таңдауға көмектесед. Кез келген жақсы дүкенде тілесеңіз Сізге оны көрсету керек.
Сатып алынған егу материалын құрғак, салқын және қараңғы жерде сақтау қажет. Біз Сізге сатылып алыңған егу материалын ендігі жылға қалдырмау керек деген қеңес береміз, өйткені ол өнгіштігін тез уақытта жоғалтады.
Егу материалын мамыр айында «бүкіл ені бойы» егіңіз (биыл шілде айында). Еккен алдында тар тырмамен топырақты 1 см тереңдікке дейін айғыздаңыз. Егіп болған соң тығыздаңыз (масалы үшін білікшемен) және жақсылап дымқылдандырыңыз. Шамамен 14 күннен кейін егу материалы шығады. Гүлзар биіктігі 10 см шамасында болғанда, оны бірінші рет шабу керек. Шапқан соң, гүлзарда бос жерлерді байқасаңыз, бос жерлерді қайта егуге болады. Гүлзар қалың болмау үшін, оны қыркүйекке дейін 1–2 апта сайын шабу қажет. Шабылған шөпті ешқашан тастамаңыз! Осы нөмірдің соңғы бетіндегі мақаланы тағы да оқып шығыңыз.
б) гүлзар салу үшін алдын-ала өсірілген шөп алашасын пайдаланыңыз Осы тәсіл ең қымбат болғанымен, ең жылдам. Басқа жағынан қарасақ ол тәсіл тиімді, өйткені алдынөала өсірілген шөп алашасын сататын фирмалардың көбі, оның салу үшін ақысы бағаның ішіне кіреді. Сондықтан жаңа гүлзар салу жұмыстары Сіз үшін істеледі.
Гүлзар салу үшін алдын-ала өсірілген шөп алашасын пайдаланады. Олардың бағасы салумен бірге 3–5 €/м² арасында болады (сортына байланысты).
2. ескі гүлзарды күту Көктем сайын (ауа райына байланысты наурызда-мамырда) гүлзарды жапырақтан және құрғаң шөптен тырмалап босатыңыз, керек болса, тағы да үстіне егіңіз.
Гүлзарды қыс бойы аяз «керіп тастайды», сондықтан көктемде оны бастыру керек. Гүлзар жандауына топырақтың аэрациясы жақсы әсер етеді. Ол үшін қарапайым құрал – «аэратор» жасауға болады.
Ол үшін жуандығы 2–3 см тақтайды дайындаңыз, мөлшері 30 х 30 см шамасында. Оған екінші жағынан шығып тұратындай 10 см шегелерді толық қағыңыз. Шегелердің аралары 2–3 см болу керек. Шеге қағылған тақтайға сап бекіту қажет (оның ұзындығы Сіздің бойынызға байланысты, оның ұзындығы Сізге «аэратормен» жұмыст істеуге лайық болу керек).
Әркашан шөпті шабудан кейін шегелерді өзіңіз үстене тұралатындай жерге батырасыз. Оны шығарып, бұл операцияны гүлзардың бәрі жеріне қайталайсыз. Қажет болса айырды пайдалануға болады.
Гүлзарды суарам десеңіз оны аэрациядан кейін суарғаны дұрыс. Суарұра арналған су баруға қажет жерге – тамырларға барады.
Gedruk vanaf neznama adresa